Бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі, 44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, бос тұрған материалдық бухгалтердің лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.
1. Материалдық бухгалтердің негізгі функционалдық міндеті: Қолданыстағы ережелер және нұсқаулықтарға сәйкес мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн (негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін, өнім берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргiзу жөнiндегi және мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мемлекеттік сатып алуларды жүргізу жұмыстарын орындау.
Жоспарлы және арнайы тапсырмамен мекеменің тауар-материалдық құндылықтарына ревизияны жүзеге асыру, жылына бір рет мекеменің барлық мүлкіне санақ жүргізу.
- еңбек ақы көлемі 130 000 теңгеден бастап;
- жұмыс уақыты 09.00-дан 19.00- ге дейін.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (қаржы-экономикалық білімі) бар немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2026 жылғы ақпан айының 2 күнгі сағат 18.00-ге дейін.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы (жұмысқа жарамдылығы) туралы анықтаманы;
7) наркологиялық, психикалық және туберкулез науқасымен диспансерлік есепте жоқығы туралы анықтама;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;
9) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.