

Елдің ертеңі мен ұрпақ болашағының кемел болуы – ұстаз еңбегімен тікелей байланысты. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру – ұстаздың абыройлы міндеті.

Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің жүрегіне жол тауып, өмірлік бағыт-бағдар көрсететін тұлға. Сондықтан Ұстаздар күні – ұстаз еңбегін бағалап, құрмет көрсететін ерекше мереке.

6 қазан күні

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында

«Жүрекке жол салған Ұстаз»

атты мерекелік кеш өтті.

Кеш барысында мектеп-интернат директоры Толеуов Берикбол Оразгелдіұлы ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, бірқатар ұстаздарды Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен және мектеп-интернат кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.

Мерекелік кеште талантты ұстаздар ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік кеш «Ұстаздар» әнімен қорытындыланып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Марапатқа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістіктері қуаныш сыйлай берсін!