

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің

"Тарихқа тағзым - тілге құрмет" атты онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі Ә.Венераның ұйымдастыруымен 7 "А" сынып оқушыларына

"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Абылай хан шын есімі - Әбілмансұр
(1711-1781) - Қазақ хандығының тарихында маңызды орын алатын мемлекет қайраткері, қолбасшы және қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан хан.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіп, қазақ жерін қорғауға және үш жүздің басын біріктіруге күш салды.

1781 жылы 23 мамырда дүниеден өтті. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Абылай ханның есімі қазақ тарихында ел бірлігін нығайтып, жер тұтастығын сақтауға зор үлес қосқан тарихи тұлға ретінде қалды.

Ішкі саясатында қазақ жүздерінің бірлігін нығайтып, хандықтың күшін арттыруға және ел ішіндегі тәртіпті сақтауға ұмтылды.

Сыртқы саясатында Ресей және Қытай мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатып, қазақ елінің дербестігін сақтауға тырысты.

Ашық сабақ барысында оқушылар Абылай ханның қазақ халқының бірлігін нығайтудағы рөлімен танысып, ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін талдап, топтық жұмыстар мен тарихи сұрақтар арқылы өз білімдерін шыңдап, пәнге қызығушылықтарын арттырды.

Мақсаты: Оқушыларға Абылай ханның қазақ тарихындағы ерекше орнын, үш жүздің басын біріктіріп, Қазақ хандығын нығайтудағы рөлін түсіндіру.

Тарихын таныған ұрпақ - тәуелсіз елдің тірегі!