«Жүрек жылуы» » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2026

«Жүрек жылуы»

🔰9 қазан күні Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ерекше балалар мен жасөспірімдерге арналған XIII облыстық ❤️🎶 «Жүрек жылуы» атты өнер байқауы өтті.
Байқауда 🏫№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатының ерекше оқушыларымыздан құралған «Балауса би» тобы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі II орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
👏 Ерекше оқушыларымызды конкурсқа дайындап, жоғары деңгейде өнер көрсетулеріне үлес қосып, белсенділік танытқандары үшін мектеп-интернаттың музыка жетекшісі Гулмира Ахметбаева мен педагог-психолог Бахыткуль Акмурзаева Алғыс хатпен марапатталды.
❤️🎶 Осындай өнер байқаулары балалардың бойындағы дарынды ашып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады. Өнер арқылы жүректерге жылулық пен ізгілік ұялатып, жас ұрпақтың шабытын шыңдайды.
💐Жас өнерпаздарымызға шабыт, ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз! Алдағы байқауларда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив