📚"Тарихқа тағзым - тілге құрмет" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚"Тарихқа тағзым - тілге құрмет"
20
октябрь
2026

📚"Тарихқа тағзым - тілге құрмет"

"12 айда 12 кітап" жобасы аясында 
🏫№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің 📚"Тарихқа тағзым - тілге құрмет" атты онкүндігі шеңберінде тарих пәнінің мұғалімі Г.Кенесарының ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларына "Ұлт рухының тұлғасы - Бауыржан Момышұлына 115 жыл" тақырыбында дайджест форматындағы танымдық сабақ өткізілді.
🔹 Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 
🔹 1932 жылдан бастап әскер қатарында қызмет етті. 
🔹 1941 жылы генерал Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы құрамында Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерекше ерлік көрсетті. 
🔹 Волоколамск бағытында батальонын шебер басқарып, жауды бірнеше күнге тоқтатып, жауынгерлерін қоршаудан аман алып шықты. 
🪖 Соғыс жылдары полк, кейін дивизия командирі міндетін атқарды. 
Соғыстан кейін әскери академияларда дәріс беріп, кейін әдебиетке ден қойды.  
⭐️ Кеңес Одағының Батыры атағы Бауыржан Момышұлына 1990 жылы, өмірден өткеннен кейін берілді. 
📚Танымдық дайджест форматындағы сабақ барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірі мен әскери қызметіне арналған танымдық тапсырмаларға қатысып, батырдың өмір жолына байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, майдан даласындағы ерлігі, әскери қолбасшылық қабілеті мен өмірлік ұстанымдары туралы білімдерін ортаға салып, кітаптарымен және қаламынан туған шығармаларымен танысып, батырдың тек ержүрек қолбасшы ғана емес, ұлт руханиятына мол мұра қалдырған қаламгер екенін танып, оның шығармаларына деген қызығушылықтарын арттырды.
🎤 Танымдық дайджест форматындағы сабақ қорытындысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Жеңсікбаева және мектеп кітапханашысы Г.Ержанова сөз алып, оқушыларға қазақ халқының даңқты батыры, Халық қаһарманы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолы, Отан қорғаудағы батырлығы мен шығармашылығы туралы айтып, батырдың өнегелі өмірінен үлгі алудың және тарихи тұлғалар туралы ізденіп, тың мәліметтермен танысуға және кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар дайджест форматындағы танымдық сабақтың мазмұнды ұйымдастырылғанын атап өтіп, оқушылардың белсенділігі мен сабақ барысында алған танымдық білімдеріне жоғары баға берді.
✅ Мақсаты: Оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын таныстыру, батырдың әскери қызметі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив