

№8 облыстық санаториялық мектеп-
интернатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің

"Тарихқа тағзым - тілге құрмет" атты онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бірлестік жетекшісі А.Үсенбаеваның ұйымдастыруымен "Кіл мықты да кім мықты: ынтымақты синергия" тақырыбында ата-аналармен бірлескен интеллектуалды сайыс өтті.

Сайыс барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын, шапшаңдықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, әртүрлі бағыттағы қызықты тапсырмалар мен танымдық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жан-жақты білімдерін дәлелдеп, білім додасында бақ сынады.

Нәтижесінде мұғалімдер мен ата- аналардан құралған қазылар алқасының бағалауы бойынша 9 "Ә" сынып оқушысы

Серік Нұрәли сайыстың "Үздік оқушысы" атанды.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімін шыңдау, ойлау қабілетін дамыту. Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.