Уақытша бос тұрған мұрағатшының лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, негізгі қызметкердің баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа кетуіне байланысты уақытша бос тұрған мұрағатшының (архивариустың) лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.
Мұрағатшының негізгі функционалдық міндеті:
Ұйымдағы мұрағат ісін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмысты атқару. Белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды жүргізу. Мұрағат құжаттарын есепке алуды және пайдалануды жеңілдететін анықтама аппаратын құрастыру бойынша жұмысты атқару. Қажетті құжаттарды іздестіру. Істерді құрастыру, дайындау және мұрағатқа тапсыру.
- еңбек ақы көлемі 120 000 теңгеден бастап;
- жұмыс уақыты 08.30-дан 17.30-ге дейін.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмайтын тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби, жоғары, жоғары кәсіби) білімі.
3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2026 жылғы ақпан айының 25 күнгі сағат 18.00-ге дейін.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;
8) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.