Бос тұрған тәрбиешінің көмекшісі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос тұрған тәрбиешінің көмекшісі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
03
сентябрь
2026

Бос тұрған тәрбиешінің көмекшісі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық   санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, бос тұрған тәрбиешінің көмекшісі лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.

Тәрбиешінің  көмекшісінің негізгі функционалдық міндеті:

Тәрбиеленушілердің тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, білім беру мекемесіне келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады). 

  • еңбек ақы көлемі 140 000 теңгеден бастап;

-   жұмыс уақыты 07.30-дан 16.30-ге дейін.

2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:  

жұмыс өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіби орта) білімі немесе жалпы орта білімінің болуы.

3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2026 жылғы қыркүйек айының 16 күнгі сағат 18.00-ге дейін.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:       

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;    

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;      

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);      

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;      

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;  

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;      

8) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.        

5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.  



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив