АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ - ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ - ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
17
сентябрь
2025

АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ - ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

⚜️ АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҮНДЕСТІГІ - ЖАҢАРТЫЛҒАН ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ⚜️
📝 Бүгін 17 қыркүйек күні “Адал азамат”: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі - жаңартылған тәрбие бағдарламасы” тақырыбында брифинг өтті. 
Брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы:
«Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. Өңірлерде жекеменшік мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарларының сериясы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық жекеменшік мектептен 23 мыңнан астам педагог оқытумен қамтылды» – деп атап өтті
Брифингке спикер ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы қатысты.
🔖 Жаңа тәрбие моделі: «Адал азамат» елдегі барлық мектептерде енгізілді.
📌Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК
Ғани Бейсембаев
Ерлан Қалмақов
Аскарбек Есжанов
Фархат Досаев
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив