
2025 жылдың 20 қаңтар күні 2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының III облыстық кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Топ жарған біздің озат шәкірттеріміз тағы бір биік белестерді бағындырып, білім ордасын қуантуда.

ДИПЛОМ
"Этнопедагогика" бағыты бойынша 7 сынып оқушысы

Төлеген Мансура

орын иегері атанып, дипломмен марапатталды.

Жетекшісі: Әбенова Мира Жақсылыққызы.

АЛҒЫС ХАТ
"РОБОТЕХНИКА" бағыты бойынша 6 сынып оқушысы

Абдуали Дидар

Алғыс хатпен марапатталды.

Жетекшісі: Бейсов Сұлтанбек Оразбекұлы.
⚘️Жас зерттеушілерімізге алдағы уақытта да толағай табыс, биік белестер мен ғылыми жетістіктер тілейміз!⚘️

Оқушыларымызыдың жетістіктері құтты болсын!


