"ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"
27
январь
2026

"ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
    "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"
🔰🏨№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатымыздың дарынды әрі белсенді оқушыларының жетістіктерін көрсету, оқушыларды өздерінің жетістіктері арқылы ынталандыру, жас ұрпақты өз жетістігін еліне арнауға, қоғамға пайдалы тұлға болуға бағыттау мақсатында "Жетістігімді еліме арнаймын" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
✅ Шарада оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дарындылықтарын дамытуға ықпал ететін пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында қатарынан оза шауып бәйге алған жеңімпаздар марапатталды. 
🔶 Оқушылардың тынымсыз еңбегінің, ұстаздардың кәсіби шеберлігінің жемісі болған бұл марапаттау рәсімі болашақ ел дамуына үлес қосатын жас буынның талантын ашуға, рухын сезініп жігерленуіне, басқа да оқушыларға үлгі болуына мүмкіндік берді.
🌟 Биіктен көрініп, марапат алған барша жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 
"Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде" - деп елбасымыз айтқандай, білімдеріңіз мен өнерлеріңізді ары қарай шыңдай беріңіздер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив