Өрт қауіпсіздігі туралы дәрістер » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өрт қауіпсіздігі туралы дәрістер
28
май
2018

Өрт қауіпсіздігі туралы дәрістер

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Айнұр Алдажарова мұғалімдерге және 7-8 сынып оқушыларына «Өрт болған жағдайда балалардың іс-әрекеті және жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпсіздігі ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жасалды.
Сонымен бірге, №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты ғимаратындағы алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт қауіпсіздігі бұрышы және оны өрт туындағанда пайдалану ережесі туралы айтылды. Сабақ соңында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының директоры Е.Ақшалов мектеп ұжымы мен оқушылардың атынан қауіпсіздік бағытындағы дәрістері үшін Департаменттің бас маманы Айнұр Сағынышқызына алғыс білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив