Ағылшын тілі пәні мұғалімі Т.Арын және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Әшентаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Ш.Уәлих » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі пәні мұғалімі Т.Арын және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Әшентаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Ш.Уәлих
29
январь
2026

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Т.Арын және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Әшентаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Ш.Уәлих

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
🔰"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 
🏫№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің "Тіл мен тарих – ұлт тағдыры" атты онкүндігі шеңберінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Т.Арын және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Әшентаеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Ш.Уәлиханов пен Ә.Бөкейхан шығармаларындағы ұқсастықтар" тақырыбында әдеби дайджест форматында сыныптан тыс жұмыс өткізілді.
✍️ Қазақ халқының ұлы тұлғалары – ғалым, саяхатшы, халық ауыз әдебиетінің жанашыры Шоқан Уәлиханов пен қоғам қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов. Олар замандас болмаған (Шоқан 1865 жылы қайтыс болса, Әлихан 1866 жылы туған), бірақ өмір жолдары мен көзқарастары ұқсас. Екеуі де Омбыда білім алып, ғылым мен ел болашағы үшін еңбек етті. Сондай-ақ, Ресей Императорлық география қоғамының мүшесі болып, қазақ тарихы мен мәдениетіне үлес қосты. Шоқан мен Әлихан – білімді, жаңашыл, халқының тағдыры үшін еңбек еткен ұлы тұлғалар.
🔶 Сабақ барысында әдеби дайджест арқылы оқушылар Шоқан Уәлиханов пен Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасы және ел тарихындағы орны туралы мағлұмат алды.
✅️Мақсаты: Оқушыларға Шоқан Уәлиханов пен Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, олардың ғылыми мұраларының қазақ халқы үшін маңызын түсіндіру және ел болашағы үшін атқарған еңбектерін үлгі ету.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив