"Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында 9-20 ақпан күндері аралығында өтетін "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
"Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" онкүндігінің ашылу салтанатында оқушылар белсенді қатысып, жаратылыстану ғылымдары мен жасанды интеллекттің маңыздылығы туралы кеңінен мағлұмат алды.
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына (физика, химия, биология, география, информатика, математика) қызығушылығын арттыру, жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ ғылыми ойлау қабілетін, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту.