

5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында 7-сынып оқушыларының қатысуымен "Тіл - ұлттың жаны" атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында "Ұлт ұстазының ізімен" атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.

Квест ойыны барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс жасау арқылы білімдерін сынап, шапшаңдық, ізденіс және бірлесіп әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

Квест ойыны оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттырған мазмұнды да тағылымды іс-шара болды.

Квест ойынының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен топ мадақтама қағазымен марапатталды.

Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру, тілге деген құрметін арттыру, ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру және танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ұлт ұстазының өнегелі жолы – жас ұрпаққа әрдайым үлгі.

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухы!