
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Инабат" қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 5-9 сынып қыздарының қатысуымен ⚘️"Ұқыптылық - қыздың көркі, тәртіп - білімнің тірегі"⚘️ тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.

Жиынды мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы, "Инабат" қыздар ұйымының жетекшісі Г.Утембетова ұйымдастырды.

Жиынға мектеп-интернаттың жатақхана меңгерушісі Ж.Орынбасарова және педагог-психолог Б.Акмурзаева, тәлімгер Қ.Жусупова қатысып, қыз баланың әдептілігі мен инабаттылығы, өзін-өзі ұстау мәдениеті, жеке бас гигиенасы, салауатты өмір салты, мектеп формасын ұқыпты киюі, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері жөнінде кеңінен айтып, қыз тәрбиесіне қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиын соңында қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Қыз бала – елдің көркі, қыз тәрбиесі - елдің ертеңі.

Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі аяулы ана, отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шырағы. Сондықтан қыз тәрбиесіне көңіл бөлу - ұлт болашағына жол сілтеу.

Мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, инабаттылыққа, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.