Бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
««Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: shkolainternat8@mail.ru, бос тұрған директордың шаруашылык жумыстары жөніндегі орынбасары лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.
Директордың шаруашылык жумыстары жөніндегі орынбасарының негізгі функционалдық міндеті: Мектеп-интернаттың шаруашылық қызметтеріне басшылық жасау. Заң талаптарына сай мектеп-интернатты жиһаздармен, инвентарлармен жасақтау, материалдық құндылықтарды, жиһаздарды, инвентарларды жауапты сақтауына алу.
- еңбек ақы көлемі 150 000 теңгеден бастап;
- жұмыс уақыты 08.30-дан 18.00- ге дейін.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
басшылық лауазымдар бойынша 3 жылдан кем емес еңбек өтілі, кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) немесе жоғары кәсіби білімі, немесе педагогикалық білімі.
3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылғы қыркүйек айының 25 күнгі сағат 18.00-ге дейін.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;
8) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.