Мектеп тарихы » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

      «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жайлы мәлімет
     Білім беру ұйымының атауы «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі №44. 
Мектеп ғимараты 1962 жылы салынған. Жер учаскесінің алаңы: 2,4367 га. Жалпы ауданы: 2404,8 ш/м.  Білім беру мекемесі 4 ғимаратта орналасқан: оқу ғимараты, жатақхана, асхана, шеберхана. Сыйымдылығы: 220 орын.
     2002 жылы 10 қазанда жалпы негізгі білім саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия шектеусіз мерзімге сериясы АА №0011458 болып берілген. Облыстық білім басқармасының 2002 жылғы 13 маусымдағы №151 бұйрығымен лицензияға қосымша 9 сынып оқу мерзіміне алынған. Сонымен қатар 2009 жылы 10 шілдеде серия АА, №0086941 мемлекетті лицензияға жалпы орта білім беру (10-11 сыныптар) қосымша берілген. 2014 жылдың 30 сәуірінде  мекеме атауының өзгеруіне байланысты №14006064 бас лицензия қайта алынды.
     Мемлекеттік мекеме Қызылорда қаласының  және  Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандық емханалар комиссияның қорытындысы бойынша оқу жылының басынан немесе жарты жылдықтан бастап 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдауды жүзеге асырады.
     Мемлекеттік мекемеге туберкулез диспансерлерінде есепте тұратын, төмендегідей аурудың белгілері бар балалар қабылданады:
* туберкулез ауруының бәсеңдеген түрі;
* туберкулез ауруымен ауырғандар;
* өкпеден басқа органдары туберкулезбен екінші рет ауырған балалар және ортапедтік шараларды қолданудың қажеті жоқ сүйек туберкулезімен ауырғандар;
* санаториялар немесе ауруханаларда жан-жақты тексерілгеннен және емделгеннен кейін туберкулез интоксикациясымен ауырғандар;
* туберкулез реакциясының виражымен ауырғандар;
* ұдайы егуден соң асқынған БЦЖ - мен ауырғандар;
* туберкулезбен ауыратын науқасы бар ортамен қарым-қатынаста болғандар және т.б.
Облыстық, қалалық және аудандық емханалардың комиссиясымен интернатта болу мерзімі көрсетіліп жасалған тәрбиеленушілер (білім алушылар) тізімі, тиісті саланың уәкілетті органымен берілетін жолдамаға негіздеме болып табылады.
     Бос орын болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін емханалар жолдамасы бойынша тәрбиеленушілерді (білім алушыларды) қабылдауға рұқсат етіледі.
     Тәрбиеленушілер (білім алушылар) қатарына қабылдау тиісті саланың уәкілетті органының жолдамасы негізінде мемлекеттік мекеме басшысының (директорының) бұйрығымен жүзеге асады.
     Мектеп-интернаты төрт ғимараттан тұрады: Оқу ғимараты -2404,8 ш/м, 3 қабатты, кабинеттер саны -19, бастауыш сыныптар -4, қазақ тілі, тарих, орыс тілі, шет тілі, математика, өзін-өзі тану, мультимедия, химия, жаңа модификациялы кабинет -2 (физика, биология), 2 зертхана, педагог-психолог кабинеті, әлеуметтік –педагог кабинеттері жұмыс жасайды, барлық кабинеттер интерактивті тақтамен жабдықталған. Оқу ғимаратында ауыз су, жылу жүйесі орталықтандырылған, 3 қабатта жылы әжетханалар бар.       Спорт залдың шаршы метрі -190,1, керекті спорттық құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілген, мектеп ауласында жаңа үлгідегі спорт алаңы бар. Мектеп-интернат кітапханасының шаршы метрі -71, жалпы кітап қоры -  33523 дана. Мектеп-интернатта барлығы -16 бейнебақылау орнатылған, аулада -1, оқу ғимараты, жатахана, асханада -15.
Мектеп -интернатында 220 орындық жатақхана жұмыс жасайды. Сыйымдылығы – 220 орын, пайдалануға берілген жылы - 1962 жыл, жалпы ауданы – 1991,81 м2. Жатын бөлмелердің ауданы – 1135 м2,тұрмыстық бөлмелер саны -6, гигиена бөлмесі-1, демалыс бөлмесі -2, жатын бөлмелер саны – 42, 1-қабатта -5 бөлме, 2-қабатта -21 бөлме, 3-қабатта -16 бөлме. 
Медициналық бөлімше -1, оқшаулау бөлмесі – 2, егу бөлмесі – 1, тіс емдеу кабинеті -1, дәрігер бөлмесі – 1.
     Мектепте медициналық қызметке байланысты жатақханада арнайы бөлме жұмыс жасайды. Бөлмеге медициналық жабдықтар алынған. Лицензия №00216DN, 2008 жылы 13 қазанда берілген.  Білім беру ұйымы тамақтану орнымен қамсыздандырылған. Асханаға жабдықтау жұмыстары жүргізілген. Мектеп-интернатында 120 орындық асхана жұмыс жасайды, оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Асхана құрал-жабдықтармен, тамақ ішетін орын, ас әзірлеу орны, азық-түлік сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілген. Оқушылар тұтынатын азық-түлікке, тамақтарға рұқсат етілген, сертификатталған өнімдер пайдаланылуда, ас мәзірлері бекітілген. 
Биылғы оқу жылында мектеп-интернатта 197 оқушы: қызы -90, ұлы -107. 
1-4 сыныптар бойынша 94, 5-9 сыныптар бойынша 103 оқушы білім алуда. 
Мектеп-интернаттағы жалпы қызметкерлер саны -180. Оның ішінде:
Басқарушы персонал -6;
Әкімшілік персонал -9;
Қосалқы персонал -15;
Мұғалімдер – 33;
Зертханашылар – 7; 
Педагогтарға теңестірілген қызметкерлер – 8;
Тәрбиешілер -45;
Медицина қызметкерлері – 7;
Асхана қызметкерлері – 6;
Жұмысшылар – 44.   
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив