Уақытша бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Уақытша бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, уақытша бос тұрған емдәмбикенің (жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы қызметкердің орнына) лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.
1. Емдәмбикенің негізгі функционалдық міндеті:
Мектеп-интернат асханасына алынған азық-тұліктің сапасы мен сақталуын және тәрбиеленушілерге дайындалатын тағамның сапасын бақылау. Қолдағы бар мәзір негізінде бас аспазшы және қоймашымен бірге күн сайынғы мәзiрдi таратып жасау және оны бухгалтерияға тапсыру. Түскен өнімдердің сапасын шикі өнімдердің бракераж журналындағы жазбасымен тексеру. Өнiмдердi пайдалану мерзімдері мен оларды сақтау шарттарының орындалуына бақылау жасау.
- еңбек ақы көлемі 150 000 теңгеден бастап;
- жұмыс уақыты ішкі жұмыс кестесіне сай.
2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылатын (кем дегенде бір жыл) «мейірген ісі» (емдәмбике) бойынша медициналық арнаулы орта білімі.
3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы қараша айының 14 күнгі сағат 18.00-ге дейін.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмысқа жарамдылығы (денсаулық жағдайы) туралы анықтаманы;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;
8) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.