Бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
13
сентябрь
2024

Бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, бос тұрған емдәмбикенің лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.

  1. Медициналық бикенің негізгі функционалдық міндеті:

Мектеп-интернат асханасына алынған азық-тұліктің сапасы мен сақталуын және тәрбиеленушілерге дайындалатын тағамның сапасын бақылау. Қолдағы бар мәзір негізінде  бас аспазшы және қоймашымен бірге күн сайынғы мәзiрдi таратып жасау және оны бухгалтерияға тапсыру. Түскен өнімдердің сапасын шикі өнімдердің бракераж журналындағы жазбасымен тексеру. Өнiмдердi пайдалану мерзімдері мен оларды сақтау шарттарының орындалуына  бақылау жасау.

  • еңбек ақы көлемі 200 000 теңгеден бастап;

-  жұмыс уақыты ішкі жұмыс кестесіне сай.

2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:  

жұмыс өтіліне талап қойылмайтын «мейірген ісі» (емдәмбике) бойынша  медициналық арнаулы орта білімі  

3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды  қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы қыркүйек айының 27 күнгі сағат 18.00-ге дейін.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:       

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;    

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;      

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);      

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;      

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;  

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмысқа жарамдылығы (денсаулық жағдайы) туралы анықтаманы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;      

8) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.        

5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.      


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив