"Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл"
29
февраль
2024

"Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл"

21 ақпан күні Қызылорда қаласындағы №267 орта мектепте "Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл" атты семинар-практикум өтті. Семинар - практикум "Күмбірле-қоңыр домбыра" атты концерттік бағдарламамен басталды. Мектеп директоры Рахымшаева Сабила Байконыровна қатысушыларға сәттілік тіледі. Педагогтердің ғылыми-әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, озат тәжірибемен бөлісу және таратуға бағытталған семинар - практикумның "Инновация, ізденіс, тәжірибе" бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері ашық сабақтар көрсетсе "Педагогтердің инновациялық қызметін әдістемелік қолдау" бөлімінде "Өрлеу" Қызылорда филиалының аға оқытушысы Жанар Исаева "Бес асыл іс немесе ізгілік концепциясы (Абай Құнанбайұлының "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқытудың тиімді әдістері)" тақырыбында, Гүлназ Таумаханова "Workshop on Training Quality Improvement" тақырыбында, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жайнагүл Жансүгірова "Креативность в обучении или как развивать креативное мышление учащихся на уроке русского языка" тақырыбында пән мұғалімдеріне шебер сыныптар өткізді. 
Іс-шараның "Шығармашылық, шеберлік, нәтиже" бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының жеңімпазы Айман Абасилова және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айнұр Сыдықова тәжірибелерімен бөлісті. "Үздіктен үйрен" жобасы аясында республикалық байқаулардың жеңімпаздары кәсіби даму жолындағы іс-тәжірибелерімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу бағытындағы шығармашылық шеберханасымен таныстырды. Іс-шара соңында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының бастауыш мұғалімдері Роза Умирзакова, Толқын Бирканова, Ардақ Абилдаева өз ойларын айта отыра семинарды өткізген мұғалімдердің кәсіби қызметіне жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив