Әдістемелік жұмыстар » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2021

Әдістемелік жұмыстар

«Білімді  ұрпақ-жарқын   болашақ» бастауыш   сыныптар  пән   бірлестігінің  онкүндігі

2021 оқу  жылының   11-22 қазан аралығында  мектебімізде  «Білімді ұрпақ  -жарқын   болашақ»  тақырыбында бастауыш сыныптар пән бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

Онкүндіктің   мақсаты: оқушыларымыздың бойындағы  адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып,оқу процесін ұйымдастырудың заманға сай үлгілерін қалыптастыру,  елеулі оқиғаларды арқау ете отырып,оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін еркін айта білуге, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Оқу үдерісін жетілдіру мен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік қасиетінің қалыптасуын қамтамасыз ету қажет. Сол себепті де бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік жоспарын құру барысында мына міндеттер басшылыққа алынды:

 -     Оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

  • Ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шараларды қызықты әрі пайдалы өткізу
  • Формативті бағалауды тиімді қолдана отырып, барлық оқушыны оқу және тәрбие үдерісіне тарту.

Онкүндік жоспары адамгершілік құндылықтарды негізге ала отырып құрылды:


1.Апталықтың ашылуы.Мектеп фойесінде бастауыш   сыныптар  бірлестігінің  жетекшісі Әбилдаева Ардақ  оқушыларды онкүндік жоспарымен таныстырып өтті. Сонымен бірге   оқушыларға  «Өзің оқысаң,өзгеге  табыс   ет!» кітап оқу  жобасы  аясында көріністер көрсетіліп, тақпақтар  орындалып,өткізілетін  шараларға   белсене  қатысуға шақырды.





 2.Ашық сабақтар.Онкүндік барысында барлық сыныптарда түрлі пәндер бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сабақтардың мақсаты жүйелі құрылып, оқушылардың  қабылдау мүмкіндігіне қарай тапсырмалар  қызықты ұйымдастырылып  отырды.   Пән мұғалімдері  ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай, бағалаудың ерекше жаңа әдістерін өз сыныбының жас ерекшелігіне  қарай ұтымды пайдалана білді.






3. Сыныптан тыс сағаттар.  

Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізілген сыныптан   тыс  жұмыстар жоғары  дәрежеде өтті .Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 

2 «Ә» сыныбы оқушыларының сынып жетекшісі Маханбетова Қарлығаш   біліммен шашқан шашуы «Ойнайық та,ойлайық»   интеллектуалдық сайысы ,  2-4 сыныптар  арасында  Әбилдаева Ардақтың  «Вооkсгоssing» кітап  оқуға   құштарлық оқушылар шығармашылығы, 3   «А» сыныбымен ұйымдастырған   Еркінбекова  Ғазизаның «Ұлы  дала   тарландары» тақырыбындағы іс-шаралары   жоғары  дәрежеде өткізілді.


4. Коучинг «Мен  таңдаған  мамандық»  тақырыбында   ардагер ұстаз Байменова Қарлыға   апайдың ұйымдастырумен  өткізілді. Барлық  бірлестік  мүшелері қатысып, ұстаздың осы мамандық жолында  35 жыл жұмыс жасап,  мәртебелі мамандықтың   қиындығы   мен қызығын ортаға  салды.




5.Апталықтың жабылуы. Онкүндік  барысында атқарылған жұмыстар  қорытындыланып, белсене  қатысқан  оқушылар   марапатталды. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив