

ИНТЕРАКТИВТІ ФОРУМ

Қызылорда облысы білім басқармасы «Қызылорда қаласының №1, №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр- Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізетін арнайы мекемелер арасында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында интерактивті форум өткізілді.

Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасап отырған арнайы мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, әлеуетін көтеру, мотивация беру, кәсіби-шығармашылық қабілеттерін ашу, тәжірибе алмасу.
Форумға 5 мекеме қатысты: №5 мектеп интернаты (өзбек ұлты), №7 мектеп интернаты (қырғыз ұлты), №2 оңалту орталығы (қазақ ұлты), №8 санаториялық мектеп-интернаты (орыс ұлты), «Менімен сөйле» түзете-дамыту орталығы (үнді ұлты).
Сайыс 6 бөлімнен тұрды:
1. Топты таныстыру;
2. Ұлттық ән мен би өнерін орындау;
3. Сахналық қойылым;
4. Ұлттық киімнен сән үлгісін көрсету;
5. Ұлттық ойын;
6. Ұлттық тағам ұсыну;

Сайыс соңында №7 мектеп-интернаты Бас Жүлдені жеңіп алып, 100000 тг ақшалай сертификат табысталды.

І орын-№8 санаториялық мектеп-интернаты-75000 тг;

ІІ орын-№5 мектеп- интернаты-50000тг;

ІІІ орынды екі команда алды-№2 оңалту орталығы, «Менімен сөйле» түзете- дамыту орталығы-20000тг көлемінде сыйақыны иеленді.