Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет.
03
октябрь
2025

Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет.

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет.
Ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақта артық етпейді.
✨ Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері! 
🌷 Сіздерді төл мереке — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының білім саласы жаңа серпінмен дамып, тың жетістіктерге қол жеткізуде. Бұл табыстар — Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлының жүйелі басқаруы мен ұтымды бастамаларының нақты нәтижесі.
Асқарбек Темірбекұлының білім сапасын арттыруға бағытталған реформалары мен ұстаздар қауымына жасаған қолдауының арқасында өңіріміздегі педагогтардың беделі артып, оқу-тәрбие жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді.
Аймағымыздың әрбір ұстазы заман талабына сай білім беруге ұмтылып, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуде. Осындай ынтымақ пен бірліктің, жауапкершілік пен жаңашылдықтың нәтижесінде Сыр елінің білім көкжиегі кеңейіп келеді.
🌷 Барша ұстаздарға, білім саласының ардагерлеріне шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңіз табысты болғай!
Ізгі ниетпен, №8 облыстық санаториялық мектеп-интернат директоры Толеуов Берикбол Оразгелдіұлы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив