«Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық»
16
октябрь
2023

«Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық»

Мамандық атаулының төресі - ұстаздық қызмет. Қай заманда болсын, ұстаздарға деген құрмет жоғары. Ұстаздарға құрмет көрсету - білімге құрмет көрсету деп ойлаймын. 4-5 қазан күндері Елорда төрінде Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың ұйымдастыруымен мамандық иесі - ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты Республикалық педагогтер съезі өтті. Съезге Сыр елінің ұстаздарынан құралған 27 делегат қатыстық. 2-3 күнге созылған съезд аясында делегаттар ел төріндегі Ұлттық мұражайдың, Қаныш Сәтбаев атындағы “BINOM” мектебі, “Алпамыс” жеке мектебінің іс-тәжірибелерімен таныса келіп, кеш соңында Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театр әртістерінің ұйымдастырған “Шәмші” спектаклінің көрермені болдым. Келесі күні Казмедия ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, баяндама жасады. Саналы ғұмырын ұстаздық ұлы қызметке арнаған аяулы жандарды “Еңбек ері”, “Білім саласының үздігі” төсбелгісімен марапаттады. Жиын соңы "Қалдырған ізің мәңгілік" атты салтанатты концертпен аяқталды. Осындай мазмұнға толы шараға ұйытқы болып отырған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевқа алғысым шексіз! Еліміздегі білім мен тәрбие саласын өркендетудегі қызметіңізге зор табыс тілеймін.
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Умирзакова Роза Жақсылыққызы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив