29
январь
2024
"Зейінді болсаң биік шыңға шығарсың"
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "ДОСБОЛ LIKE: Достық қолын ұсын" акциясының жоспары бойынша "Кіші зияткерлік академия" бағытында 5 сынып оқушыларына математика пәнінің мұғалімі Г.Естаева мен педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруларымен "Зейінді болсаң биік шыңға шығарсың" тақырыбында іс-шара өткізілді.Оқушылар іс-шара барысында түрлі кезеңдерге сәйкес озық ойларын дәлелдей түсті. Оның ішінде ерекшесі "Тұлғаны тани біл" кезеңінде қарсыласының бойындағы барлық заттарға зер салады, өзгеріс енгізеді. Қарсыласы енгізген өзгерісті табады. Бұл тұста оқушыны байқампаздыққа тәрбиелейді. Ал "Ойлы болсаң, озып көр" кезеңінде ойланатын тапсырмаларды оқушылар орындап, жауап берді.