"Балалардың қылмысы үшін ата-аналары жауап беруі тиіс пе?" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалардың қылмысы үшін ата-аналары жауап беруі тиіс пе?"
01
март
2024

"Балалардың қылмысы үшін ата-аналары жауап беруі тиіс пе?"

28 ақпан күні облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сәйкес технология пәнінің мұғалімі Ж.Ибраеваның ұйымдастыруымен 8-9 сынып аралығында "Балалардың қылмысы үшін ата-аналары жауап беруі тиіс пе?" тақырыбында мектепшілік дебат ойыны өткізілді. Ойын барысында "Балалардың қылмысы үшін ата-аналар жауап беруі тиіс" деген ұстанымды басшылыққа алған үкімет фракциясы өз тарапынан нақты фактілер мен дәлелдер келтіре отырып өз позицияларын қорғап шықты. "Балалардың қылмысы үшін ата-аналардың жаза алуы тым қатал үкім" деген оппозиция жағы өз тараптарынан дәлелдер келтіре отырып, тартысқа түсті. Ойын өте тартысты да, қызықты өтті. Оқушылар өздерінің ұшқыр ойларымен және тапқырлық, шешендік қасиеттерімен ойынды өте жоғары деңгейде көрсетті.
✅Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау, дұрыс, шебер сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив