
29 ақпан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында эстетикалық пәндер бірлестігінің

"Өнер - өмір жемісі" тақырыбында өткізілген онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні басталған онкүндік жоспарға сәйкес эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Г.Кирбасованың бастамасымен жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдана отырып ашық сабақ, дебат, көрме және іс-шаралар өткізілді. Онкүндіктің жабылу салтанатында оқушылар "Жеті лақ" ертегісінен қойылым қойып, би билеп, мұғалімдер оқушылармен бірге әсем әндерден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева онкүндікті жоғары деңгейде өткізген пән мұғалімдеріне және оқушыларға ризашылығын білдіріп, белсене қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
https://www.facebook.com/100041684740405/videos/809151424574148/
[video=
]