
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында
7-18 қазан күндері аралығында өтетін тәрбиешілер бірлестігінің

"Ұлы даланың ұлылары"

атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы тәрбиеленушілердің бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
