"Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдары" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдары"
19
октябрь
2023

"Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдары"

📚№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 18 қазан күні Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен "Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдары"  тақырыбында семинар өтті.
Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары бүгінгі жиында кең ауқымда жүргізілді. "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деп ұлы ғалым философ Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай балаға жан жақты тәрбие беру басты парызымыз деген ұстанымдарымен тәрбиешілер өздерін жетілдірген, оқу орталығынан жинақтаған тәжірибелерімен, ой-пікірлерімен алмасу арқылы бос уақытты тиімді әрі сапалы өткізу жолдары талқыланып, ортаға салынды. Тәрбиеленушілердің бос уақыттарын сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарын пайдалы ұйымдастыру қажеттілігі ескеріліп, жас жеткіншектердің жан-жақты болып өсуіне, қоршаған ортада өздерін қалай ұстауы, ұстаз бен оқушы ара қатынасын жақсарту мақсатында сауаттылық деңгейін одан әрі дамытуға зер қойылып, жоспарларды асыруға бел буды. Жүйелі, сапалы жұмыс жасай алсақ болашағымыздан күтер нәтижеміз шексіз. Бүгінгі мектеп партасындағы жас ұрпақ еліміздің ертеңгі болашағы деп түйіндеді мектеп-интернат басшылығы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив