

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Қарттар күні" мен "Ұстаздар күні" мерекесіне орай

"Қарттарымызды қадірлеп, ұстаздарымызды ұлықтайық!"

атты мерекелік кеш өткізілді.

Мерекелік кешке саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, ел болашағының жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздар шақырылып, құрмет көрсетілді.

Мерекелік кеште мектеп-интернат директоры Толеуов Берикбол Оразгелдіұлы сөз алып, ардагер ұстаздарға: Сіздер - ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесі мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан қадірлі тұлғасыздар!
Әр шәкірттің болашағының жарқын, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің ұрпағын бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде сіздердің орындарыңыз ерекше. Сіздер тек бүгін емес, әрдайым құрметке лайықтысыздар. Ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп, өшпес із қалдырған өмірлік жолдарыңыз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, баға жетпес құндылық. Сіздердің еңбек пен төзімдеріңіздің арқасында білім саласында көптеген ұрпақтар өсіп, білім алып, ұстаздар жолы көбеюде. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, жақсылық тілеймін. Ұстаздар мерекесі құтты болсын! - деп ардагер ұстаздарға сый-сияпат пен

гүл шоқтарын табыс етті.

Ардагер ұстаздар өткен шақтарын еске алып, кейінгі жас ұстаздарға өздерінің үлгі боларлықтай естеліктер, тілектерін айтып, ұжымға және мектеп-интернат басшылығына, оқушыларға алғыстарын білдірді.

Мектеп-интернат директоры бірқатар ұстаздарды түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Оқушылар "Ұстазым" әнін орындап, би билеп өз өнерлерін ортаға салып, ардагер ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.