"Тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану"
20
октябрь
2025

"Тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану"

🔰🏫№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында жоғары топ тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен ✨"Абай - ұлттың рухани шамшырағы"✨ атты онкүндігі аясында ақын Абай Құнанбайұлына 180 жыл толуына орай тәрбиешілер Аяпова Раушан, Сәрсен Бақыткүл "Тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану" тақырыбында коучинг өткізді.
✓Педагогикалық инновация бұл - қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге көмектесетін білім беру саласындағы жаңалықтар.
🔶️ Біздің міндетіміз әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгерту. Заман талабына сай, оқушыға саналы да сапалы білім берсек, болашағы жарқын болмақ. Оқушының болашағы жарқын болу үшін тәрбиешілердің қолында үш қаруы болу керек. Ең бастысы - шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен терең ғылыми білімі, екіншісі - сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсіл. Осының бәрін біріктіре білген тәрбиеші жаңа технологияның тиімдісін, ең көрнектісін таңдап қолданады деді қорытынды сөзінде ұйымдастырушы тәрбиешілер.
✍️Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Айтмауытов: "Сабақ беру - үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер".
🔶️ Коучинг барысында тәрбиешілер бір-бірімен пікір алмасып, педагогикалық идеялар мен жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді талқылады. 
🔶️ Коучинг тәрбиешілердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім берудегі жаңа инновациялық бағыттарды кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызды.
🔶️ Коучингке қатысушы тәрбиешілер жоғары дәрежеде өткендігін, құнды идеялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендігіне ризашылығын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив