

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында қазақтың рухани көшбасшысы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлына 180 жыл толуына орай тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен

"Абай - ұлттың рухани шамшырағы"

атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жүрекпен оқып, әсем әндерін орындап, әрі "Мектеп театры" жобасы аясында

"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты театрландырылған сахналық қойылым қойды.

Қойылымда ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағынан дана биікке жеткен өмір жолы бейнеленді.

Тәрбиешілер бірлестігі жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырды.


Абай мұрасы – тек өткеннің емес, бүгін мен болашақтың да шамшырағы. Оның қалдырған рухани қазынасы – ұлттық болмысымыздың, мәдениетіміздің алтын арқауы. Сондықтан Абайды ұлықтау – тарих алдындағы парыз ғана емес, келешек ұрпаққа аманат.