

4 қараша күні №8 облыстық санаториялық мектеп-интернатының педагог-психологы Б.Акмурзаева, әлеуметтік педагог Г.Утембетованың ұйымдастыруларымен "Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында 7,8,9 сынып оқушы қыз балаларға түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Ерте жүктілік дегеніміз не?
Бұл – 13-18 жас аралығындағы қыздардың жүкті болуы. Бұл кезеңде организм толық қалыптаспағандықтан, жүктілік ана мен бала үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Түсіндірме жұмыстары барысында педагог-психолог, әлеуметтік педагог қыз балаларға ақыл-кеңестерін айтып, ойларында жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.

М.Әуезов: "Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз".

Мақсаты: Қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіру. Өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру.