
21 қараша күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының педагог-психологы Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 7,8,9 сынып оқушылар арасында "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының гинеколог маманы Идирисова Айгерим Муратовна, Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы Джумадильдаева Раушан Умралиевна қатысып дәріс өткізді.

М.Әуезов: "Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз".

Мақсаты: Қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіру. Өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру.