
Танымдық сағат барысында оқушылар теңге жайлы мақал-мәтелдер айтып, "Теңгені тап" атты ойын ойнады. Сонымен қатар видеоролик көрсетіліп, сұрақтарға жауап берді.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева қатысып, оқушыларға ұлттық валюта - теңгенің маңызы мен тарихын және ақша айналымының ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта.
Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

Мақсаты:

Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру.

Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.

Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.

Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

