№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 15 қараша - Ұлттық валютамыздың 30 жыл толуына орай "Төл теңге - тірегіміз" тақырыбында тәрбиеші М.Қасымованың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар теңгеге байланысты ойындар ойнап, мақал-мәтел айтып, сұрақтарға жауап алды. Ұлттық валюта жөнінде қызықты мәліметтермен танысты.
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру және рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу. Өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.