

Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің "Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру" әлеуметтік қызметінің "Руханият керуені" жобасы аясында

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатының оқушыларына "Діни экстремизм және оның алдын-алу жолдары" тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Түсіндірме жұмыстарына Қызылорда қаласы қоғамдық даму бөлімінің модераторы, ұйымдастырушысы Алхожаева Бағдагүл, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бауыржан Нұрдаулет, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Теміров Ержан қатысты.

Түсіндірме жұмыстары соңында оқушыларға бейбітшілік пен татулық – еліміздің басты құндылығы екені жеткізді.