

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сала. Ал жастар болса, коғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден бастау алады.
Осыған орай

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Дін - тәрбиенің рухани діңгегі" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Темиров және информатика пәнінің мұғалімі С.Абсаламова ұйымдастырды.

Іс-шараға Қызылорда облысының дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы, республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы және ұйымдастырушы маман Байназаров Еркін Бақтиярұлы қатысып, оқушыларға діннің қоғамдағы рөлі, оның адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызы және рухани тәрбиенің жеке тұлғаның дамуына тигізетін әсері жайлы жан-жақты ақпарат беріп, жат ағымдардың идеологиясына қарсы тұрудың тиімді жолдары мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікірталас жүргізді. Мұндай іс-шаралар жастардың дұрыс діни түсінік қалыптастыруына және олардың қоғамдағы белсенді азамат болып жетілуіне ықпал етеді.
