"Оқушы мен ұстаз арасындағы тиімді қарым - қатынас"
№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатының педагог-психологы Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес сабақтан тыс уақытта 1 сынып оқушыларына "Оқушы мен ұстаз арасындағы тиімді қарым - қатынас" тақырыбында жаттығулар өткізіліп жүр.
Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым - қатынас адамгершілікке, руханилыққа бағытталғанда тұлға аралық қатынас ізгілікті болады. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады.
Мақсаты: Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым қатынастың ерекшіліктерін психологиялық жаттығу арқылы нығайта түсу.