
17 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының педагог-психологы Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес 4 сынып оқушыларына "Отбасыма хат" тақырыбында тренинг өткізілді.

Оқушылар "Біздің отбасы" атты жаттығуын орындап шықты. Жаттығу барысында оқушылар өз отбасыларына шын жүректен шыққан сөздерін жазып, мүсін жасады.
Түрлі сұрақтарға жауап алып, ситуациялық тапсырмалар орындады.

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынастың ерекшіліктерін психологиялық жаттығу арқылы нығайта түсу.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата-ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтің маңызы орасан зор.


