

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында педагог-психолог

Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес 1-4 сынып аралығындағы


оқушылардың қатысуымен

"Отбасы суреті" тақырыбында проективті әдістеме өткізілді.

"Отбасы суреті" проективті әдістемесі - баланың өз отбасына деген көзқарасын, қарым-қатынасын анықтауға арналған тәсіл.

Проективті әдістеме барысында оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы мүшелерінің суретін салды.
Әр оқушы өзінің

отбасы - мейірім мен қамқорлықтың мекені екенін түсініп, отбасы мүшелеріне алғыс білдірді.

Проективті әдістеменің мақсаты:
Оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, отбасы туралы білімдерін жетілдіру және шығармашылық қабілетін дамыту.