Биология пәнінің мұғалімі А.Абенованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Биология пәнінің мұғалімі А.Абенованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
11
февраль
2026

Биология пәнінің мұғалімі А.Абенованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️🔰🏫№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімі А.Абенованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
♻️ Ашық сабақ барысында биология пәнінің мұғалімі А.Абенова оқушыларға ми бөлімдерінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.
 📌Ми 6 негізгі бөлімнен тұрады:
1. Үлкен ми - мидың ең үлкен бөлігі, саналы ойлау, сөйлеу, есте сақтау, сезіну, қозғалысты басқару сияқты жоғары жүйке қызметтерін атқарады.
2. Аралық ми - ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтауға, зат алмасу мен дене температурасын реттеуге қатысады.
3. Ортаңғы ми - көру және есту рефлекстерін үйлестіреді.
4. Ми көпірі - мидың баған бөлігінің құрамына кіреді. Ол сопақша ми мен ортаңғы миды жалғастырып, ми бөлімдерінің арасындағы жүйке импульстерін өткізеді.
5. Сопақша ми - мидың баған бөлігінің төменгі бөлігі. Ол өмірлік маңызды қызметтерді реттейді.
6. Мишық - қимыл-қозғалысты үйлестіріп, дененің тепе-теңдігін сақтайды.
Осы аталған бөлімдердің адам ағзасындағы маңызы мен олардың өзара тығыз байланыста жұмыс істейтіні оқушыларға айтылды.
✅️Мақсаты: Миға байланысты білімді тереңдету, ми бөлімдерінің құрылымы мен қызметін салыстыра отырып түсіндіру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив