Математика пәнінің мұғалімі Г.Естаеваның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына "Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты » Іс-шаралар » Математика пәнінің мұғалімі Г.Естаеваның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына "Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Математика пәнінің мұғалімі Г.Естаеваның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына "Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Г.Естаеваның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына "Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында оқушылар сан аралықтарының анықтамасын еске түсіріп, олардың бірігуі мен қиылысуын координаталық түзуде кескіндеуді үйренді. Топтық және жеке жұмыстар арқылы білімдерін жетілдіріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.
Мақсаты: Оқушыларға сан аралықтарының бірігуін (∪) және қиылысуын (∩) табуды үйрету, аралықтарды салыстыру арқылы олардың ортақ және толық қамтушы бөліктерін анықтау және нәтижені дұрыс жазып, координаталық түзуде кескіндеу, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.