

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Д.Қыраубаеваның ұйымдастыруымен

"Оқуға құштар мектеп" жобасы және

"Балалар кітапханасы" бағдарламасы шеңберінде 7-8-9 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың ұлы ақыны, жырау, айтыс өнерінің майталманы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Жыр дүлдүлі - Жамбыл" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді.

Сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылар ақынның өнегелі ғұмыр жолымен танысып, өлеңдерін жатқа айтып, сұрақтарға белсене жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.

Мақсаты: Ұлы жыраудың өмірі мен әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың рухани танымын кеңейту және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.