
Атамыз қазақ ерте заманнан-ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қарапайым етіп тәрбиелеген.

Осы орайда

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында бастауыш сыныптар арасында

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Ең сүйкімді ару - 2026" байқауы ұйымдастырылды.

Аруларымыз 5 кезең бойынша сынға түсті:

"Мен қазақтың қызымын" (таныстыру).

"Өнерлі өрге жүзеді" (өз өнері).

"Сәндік өнер" (дефиле).

"Шебер қолдар" (ою қию).

"Мақал – сөздің мәйегі".

Байқау нәтижесінде:

"Көктем аруы - 2026" - 3 "А" сынып оқушысы

Дошанбек Аяулым атанды.
Байқау қатысушыларына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Байқаудың мақсаты: Аруларымызға адалдық, әсемдік, іс-қимыл мәдениеті, жүріс-тұрыс әдебі, қыз сымбатының мәнін терең түсіндіру, олардың өнерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін бағалап, одан әрі дамытуына ықпал ету.
