"Жас Ұлан" ұйымының белсенділері арасында "Үздік Ұлан - 2025" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері арасында "Үздік Ұлан - 2025"
27
январь
2025

"Жас Ұлан" ұйымының белсенділері арасында "Үздік Ұлан - 2025"

🏢№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Жас Ұлан"  ұйымының белсенділері арасында "Үздік Ұлан - 2025" атты байқауы өткізілді. Байқауға 9 сынып оқушылары қатысты.
✨Байқаудың ашылуында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
📝Байқау 6 кезеңде өтті: 
1. "Бәйге". Бұл сайыс шарты бойынша 15 сұрақ ұсынылды.
2. "Мен ұнататын пән". 5 пән бойынша ұяшықтардағы сұрақтарды таңдау.
3. "Полиглот". Тіл өнері сайысы.
4. "Сен білесің бе?". Суреттерді тану, мағлұмат беру.
5. "Жорға". Финалға шыққан ойыншыларға 20 сұрақтан беріледі.
6. "Сөз ойла, тез ойла". Берілген тапсырма бойынша сөз ойлап табу.
🔶Байқау барысында қатысушылар өз шабыттарына ерік беріп, потенциалдарын көрсетті. Жыл бойы жасалған жұмыстарына шолу жасай отырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.
🔶Байқау соңында әділ бағасын берген әділқазылар шешімі бойынша 250 ұпаймен 9 сынып оқушысы Рүстемқызы Айбарша "Үздік Ұлан - 2025" байқауында үздік көшбасшысы атанды.
✅Байқаудың мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттері бар жасөспірімдерді анықтау және олардың көшбасшылық мүмкіндіктерінің дамуына жол ашу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив