
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай танымдық сағат өткізілді.

Танымдық сағат барысында оқушыларға қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, ғылыми еңбектері мен ұлт болашағы үшін атқарған қызметі туралы кеңінен мәлімет берілді.

Мақсаты: Оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру.