"Наурыз - Ұлы даланың ұлы мұраты" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Наурыз - Ұлы даланың ұлы мұраты"
26
март
2026

"Наурыз - Ұлы даланың ұлы мұраты"

⚘️22 Наурыз мерекесіне орай "Наурыз - Ұлы даланың ұлы мұраты" апталығы аясында
🏢№8 облыстық санаториялық мектеп-
интернатында 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Ұлттық ойын - ұлттық мұра" атты ұлттық ойындар сайысы өткізілді.
♻️Сайыс барысында оқушылар  "Тұлпар", "Қыран" болып екі топқа бөлініп, "Асық ату", "Арқан тарту", "Ләңгі тебу", "Қол күрес", "Иық тіресу" және тағы басқа ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсіп, өздерінің белсенділіктерін, ептіліктерін және шапшаңдықтарын көрсетті.
♻️ Сайыс соңында 9-сынып оқушыларынан құралған "Тұлпар" тобы жеңіске жетті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 
Г.Дүйсенбаева сайыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, екі топқа алғыс білдіріп, жеңіске жеткен топты құттықтап, мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлының Алғыс хатымен марапаттады.
✅Мақсаты: Оқушыларды ұлттық ойын түрлерімен таныстырып, ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив