

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Жас қыран" ұйымының 3 сынып оқушыларының қатысуымен⚘️22 - Наурыз мерекесіне орай "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты ұлттық ойындар сайысы өткізілді.

Сайыс барысында оқушылар "Асық ату", "Арқан тарту", "Ләңгі тебу", "Қол күрес", "Кір тасын көтеру", "Тоғызқұмалақ", "Иық тіресу", "Бес тас", "Жамбы ату" сынды ойын түрлерінен сайысқа түсті.

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық ойын түрлерімен таныстырып, ұлттық ойын арқылы әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.